«Дауларды соттан тыс шешу әдістерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Шымкент қалалық сотында «Дауларды соттан тыс шешу әдістерін қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстелге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы қатысып, дауларды соттан тыс шешу бағытында кәсіподақтардың атқарған жұмыстарын тілге тиек етті. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақ мүшелеріне қатысты еңбек қатынастары немесе басқа да дауларды соттан тыс шешу, Татуласу орталықтарында медиация жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қалалық сотымен, Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығымен өзара ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойып, олармен бірлескен жұмыстар жүргізуде. Кәсіподақтар орталығы жанындағы татуласу орталығында ағымдағы жылы жалпы 422 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, дауларды шешу бойынша 251 адамға және психологиялық көмек көрсету бойынша 171 адамға көмек көрсетілген. Медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар 251 болса (баланың тұрғылықты мекен жайын анықтау бойынша 3, алимент өндіру бойынша 108 (оның 100-не тегін қызмет берілген), ұрлық бойынша 1, алаяқтық ісі бойынша 78, еңбақы төлемі бойынша 7, жұмыстан шығару бойынша 1, жұмысқа қабылдау бойынша 15, жұмыс жағдайы бойынша 2, жол-көлік оқиғасы бойынша 4, жер қатынастары бойынша 3, мүлік мәселесі бойынша 7, коммуналдық төлемақы бойынша 25, некеден ажырасу 19, халықаралық медаиция 3), оның барлық 251-і бітімгершілікпен сәтті аяқталған.
Оның ішінде, еңбек дауы бойынша келгендер 25 болса, оның барлығы бітімгершілікпен сәтті аяқталған.
Бұдан бөлек, 171 адамға психологиялық көмек көрсетілген.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігі