Медициналық сақтандыру жұмыстары түсіндірілді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мамандары қаладағы шағынаудан тұрғындарымен кездесті. Жиында денсаулық сақтау саласының мамандары медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Медициналық әлеуметтік сақтандыру пакетінде қымбат бағалы диагностика КП, МРТ тағы зертханалық зерттеулердің барлығы халыққа тегін болмақ. Ол үшін медициналық сақтандыру қорының қатысушысы болу міндетті.

Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жеке меншік клиникаларда емделуге болады. Ол үшін мекеме міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім шартқа отыруы тиіс.
– Тұрғындар енді медициналық көмек алу үшін көп қаржы жұмсамайды. Кез келген азамат толығымен тексерістен өте алады, — дейді мамандар. Сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толық ақпаратты 1406 нөміріне хабарласып, білуге болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444