Мемлекеттік қызметтің басты міндеті — ел мүддесіне қызмет ету

Мемлекеттік қызметтің басты міндеті — ел мүддесіне қызмет ету. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру және нығайту болып табылады.
Осыған орай, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек?» тақырыбында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қалдыкараев және М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.Мәжінбеков қатысуымен жастармен кездесуі өтті. Аталған кездесуде аудан әкімінің орынбасары Қ.Қалдыкараев Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарымен және мемлекеттік қызметке келу үшін жастардың бойында қандай қасиет басым болу керек деген сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, қалалық жастар мәслихатының депутаттары, аудандағы білім саласының қызметкерлері, студенттер қатысты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданының аппараты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444