Шымкент: «Жеті рухани қазық» отансүйгіштікті дәріптейді
Қайырымды қала- Шымкентте «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР –ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша аймақтық имамдар форумы өтуде.
Аталған форумға ҚМБД Төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз, Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov және қала имамдары, сонымен бірге, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының бас имамдары мен өңірдегі дін қызметкерлері қатысуда.
Діни басқосуда – ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» Тұғырнамасы насихатталып, мұсылман жамағатын қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке тәрбиелейтін адамгергершілік құндылықтарына үндеу жасалды.