Қала тазалығы — баршамызға ортақ!
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары — Марат Тажибаевтың ұйымдастыруымен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шара барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне тазалықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434, 505-баптарына сәйкес әкімшілік айыппұл салынатыны немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатындығы туралы түсіндірілді.