ТҮРКІСТАН: ЕЛІНЕ ШЫН БЕРІЛГЕН АДАЛ ҰРПАҚ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ КЕПІЛІ
Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген Адал ұрпақ — Мәңгілік елдің кепілі.
Бүгін 14 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен облыс орталығы Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті.
Жиынға Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев және барлық 16 ауданнан келген 1000-ға жуық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жәнеоған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
Жиында сөз сөйлеген басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев «Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отан сүйгіштікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққатәрбиелеу парызымыз. Бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар Ұлы қасиет. Сондықтан әрбір ата — ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет» — екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Ғ.Жүндібаев адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отырған облыстық Слетта барлық ұстаздарға оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуда қосып жүрген еңбектері үшін Алғыс білдіріп, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-аналары мен ұстаздарынан тиісті үлгі алу керектігін, сабақтарын жақсы оқуға, тәртібі жақсы озат оқушы болуға шақырды.
Слетта сөз сөйлеген басқарма басшысы Р.Жолаев жас буынды жат қылықтан аулақ болуға, еліне, ата-анаға, досқа адал болуға шақырды.Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, сатылмаушылық, әділеттілік,адалдықсияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда жасап жатқан нақты жұмыстар туралы баяндап өтті.
Іс-шара барысында «Адал Ұрпақ»ерікті мектеп клубтары, яғни 16 аудан оқушылары арасында шеру, флешмоб, қол өнершілер көрмесі, шахмат ойыны, сурет салу және бейнеролик конкурсы өтіп, нәтижесімен жеңімпаздар анықталып, оларға сыйлықтар мен граммоталар тапсырылды.
Айта кетсек, бүгінгі күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 903 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, онда 300 мыңнан аса клуб мүшелері бар.