ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ АНТЫНА АДАЛ БОЛУЫ ТИІС

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Департаменттің бастамасымен киелі Отырар ауданынында әлеуметтік дерттің алдын алу жиыны өтті.

Жиынға аудан әкімі Ә.Жүнісов, аудан прокуроры К.Нәрікбаев ардагерлер Кеңесі, аудан әкімі орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, әкімдіктің барлық бөлім басшылары мен қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесуде сөз сөйлеген Департаменттің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Тәліпов Шәкір Шағырбайұлы басқармамен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстарға және мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған қылмыстарға кеңінен тоқталды.

Шәкір Шағырбайұлы өз сөзінде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салаларды атап өтті.

Сондай-ақ, Ш.Тәліпов сыбайлас жемқорлық күрес шараларын күшейту мен оның алдын алу жолдарының маңызды екенін айтып, еліміздің кемел болашағы үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444