EXPO-2017 көрмесінде Венесуэланың Ұлттық күні аталып өтуде

EXPO-2017 көрмесінде Венесуэланың Ұлттық күні аталып жатыр. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, Қазақстан мен Венесуэланың әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді. Кариб теңізінің жағалауын жайлаған ел Астанадағы халықаралық көрмеге өздерінде өндірілетін қазба байлықтары жайлы мол ақпарат ала келген. Мұнда қара алтыннан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір сияқты басқа да пайдалы қазбалар өндіріліп, экспортталады. Бүгінгі мереке барысында павильон қонақтары мұнайлы елден арнайы әкелген какаодан дәм татты. Себебі Венесуэла какаосымен әлемге әйгілі. Сонымен қатар, мұнда 10-12 ғасырда қолданылған тарихи жәдігерлерді көруге болады. Венсуэла әлемдегі мұнай экспорттаушы елдердің көшін бастап тұр. Қазіргі кезде экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америка елдері арасында жоғары орында тұр. Хесус Григорио Гонсалес, Венесуэла павильонының бас комиссары: – EXPO-2017 көрмесіне қатысуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстанға зор алғыс айтамын. Көрме қалашығынан орын алу – біз үшін үлкен құрмет. Мұнда мұнайдан бөлек табиғи газ, баламалы қуат көздері саласындағы жетістіктерімізді көрсетеміз. Ал Қазақстан мен Венесуэла мұнай саласындағы қарым-қатынасты бұрыннан дамытқан мемлекеттер. Оның үстіне біз қара алтынды экспорттаушы елдердің мүшесіміз, сондықтан өзара ынтымақтастықтың болашағы зор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444