Шымкент қаласында микрокредитпен 40 адам қамтылды

Шымкент қаласында микрокредитпен 40 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 2 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 200 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында 5 мың 987 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 467 әлеуметтік жұмыс орындарына, 3280 жастар практикасына және 2240 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444