«ШЫМКЕНТ СИТИ»-ДІҢ АЛҒАШҚЫ ҮЙЛЕРІ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкентте 436 гектар аумаққа «Шымкент Сити» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жеке инвесторлар есебінен 17,2 млрд.теңгеге 1036 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 10 тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға берілмек. Жобаның нәтижесінде қала экономикасына 1 млрд.АҚШ долл. инвестиция тартылып, 56 мың азамат баспанамен қамтамасыз етілмек. Айта кетейік, «Шымкент-сити» қалашығы шаһардың солтүстік аймағында, Бәйдібек би ескерткішіне таяу маңда орналасқан. Аудан заманауи инфрақұрылымымен, тұрмыста, бизнесті бастауда қолайлы жағдайымен және ең жоғары қала құрылысы мен сәулеті жөнінен ерекшеленеді. Аталған жоба Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444