Еуразиялық интеграция институты Мемлекет басшысының қызметіне байланысты халық арасында сауалнама жүргізді

Еуразиялық интеграция институты Мемлекет басшысының қызметіне байланысты қоғамның қабылдауы мен бағалауын анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнама 14 облыстың орталықтарында, ауылдық елді мекендерде және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтті. Белгіленген параметрлер бойынша оған халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамына қарай 18 жастан асқан адамдар қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша еліміздің Президентін тікелей қолдайтындардың үлесі жоғары. Халықтың 70,3 пайызы Қ.Тоқаевты Мемлекет басшысы ретінде қолдайды.

Қоғамда ҚР Президентіне сенім білдіргендердің көрсеткіш деңгейі айтарлықтай жоғары – 74,9 пайыз. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне толық қанағаттанады.

Сауалнамаға жауап бергендердің 70 пайыздан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын артыруға және елімізді дамытуға жол ашады деп санайды. Респонденттер «Жердің шетел азаматтарына сатылмайтыны туралы Президенттің мәлімдемесі»; «Тұлғаларға, әсіресе, балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстар үшін берілетін жазаны қатаңдату»; «Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жалдамалы пәтер беру»; «Несие қарыздарының кешірілуі»; «Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру» және басқа да бастамалар Қ.Тоқаевтың атқарған аса маңызды шаралар деп санайды.

Сауалнамаға жауап бергендер Қазақстан халқын әлеуметтік тұрғыдан қолдау ісіне және елімізді одан әрі дамытуға байланысты Президент пен Үкіметтен еңбекақы мен зейнетақыны көтеруін, жалпы халықтың әл-ауқатының артуын, кедейшілікпен күрестің тиімділігін, халық үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселелерінің шешілетініне сенім білдіріп, үміт артады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресу, медициналық қызмет көрсету және білім беру сапасымен жұмыс жүргізу  мәселелері де шешімін табатын маңызды міндеттер қатарында.

Еуразиялық интеграция институты,

әлеуметтік зерттеулер орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444