Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов пен Чехия Республикасының Парламент депутаттары палатасының төрағасы Радека Вондрачек кездесіп, әріптестік байланысты нығайту жолдарын талқылады. Чехия Республикасының Парламент депутаттары палатасының төрағасы Радека Вондрачектың елімізге ресми сапары аясында өткен бизнес-форумға сондай-ақ, Чехия Республикасы өндірістік кеңесінің президенті Ярослав Ганак, ТМД елдері бойынша сауда-өндірістік палатасы басқармасының төрағасы Франтишек Масопуст, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық өкілдігінің директоры Нұрлан Қабыштаев қатысты. 70-ке жуық кәсіпкерлер бизнес әлеуетін арттыру бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Чехия елінен келген 20-дан астам бизнес өкілдері де кездесу барысында әріптестік қатынасты дамытуға ниеттестіктерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444