АДАЛ ЕҢБЕК — АБЫРОЙ БАСТАУЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының  бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Қазығұрт өлкесіне арнайы барып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу және парақорлық көріністерінің алдын алу.
Түсіндіру жұмыстары барысында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастырудың маңыздылығын талқылап, қоғам дертіне қарсы саясатты табысты жүргізуде рухани мәдениеттің жоғары болуы тиіс екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарының мән-мазмұнын терең қазбалап, ел еңсесінің биік болуы – ашықтық, туралық сынды қасиеттердің көрініс табуы арқылы жүзеге асатынын баяндады.
Шарада «Смаил ата» мешітінің имамы  Еркін Полатов парақорлықтың кешірілмес күнә екендігін тілге тиек етіп, құқық қорғау қызметкерлерін адалдық деген асыл қасиетке жақын болуға шақырды.
Кездесу соңында ел қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп жүрген қызметкерлерге арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, слайд арқылы тиісті ақпараттар ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444