«Казагроном» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы: Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Республикасының бренді
Кеңес дәуірінен тәуелсіздікке қадам басқан мемлекеттердің ішінде Қазақстанның озық тұруы, әлемде өзіндік орнын тауып, берекелі бірлікпен саясаттағы көптеген жетістіктердің басқаларға үлгі болуы – елдің мәртебесін арттырып, мақтанышына айналды.
Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміз елім-жерім деген, күн-түн демей қызмет еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі.
Нұрсұлтан Әбішұлы әу бастан экономикалық реформаларды жоғары қойды. Соның нәтижесінде қазір біз экономикасы қарқынды дамушы, халқының әл-ауқаты жасқарған мемлекеттердің қатарына қосылдық.
Елордамыздың «Нұр-Сұлтан» қаласы деп аталуына Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде өте ризамыз.
Мемлекетімізді бейбіт, азаматтық қоғамды құруымызға, барлық адамдардың лайықты өмір сүруіне, оның халықаралық аренада беделді болуына жауапкершілікті мойнына алып, өзінің үлесін қосқан — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Әлемде онға жуық мемлекеттің атауы — тарихи тұлғалардың есіміне берілген. Одан бөлек, тұлғалардың есімі берілген қалаларда бар.
Біз еш жаңалық жасап отырған жоқпыз. Сондықтан әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде біздің де мемлекетіміздің айбары болған Елорда атауы – Нұр-Сұлтан болып аталуы бізді шабыттандырады.