БРИФИНГ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ АЙТЫЛДЫ

2019  жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев Ұлттық баяндаманың  брифинг берді.

Брифинг барысында Ғ.Тұрсынбаев «Ұлттық баяндама тек аналитикалық өнім ғана емес, керісінше, оны дайындау заңнаманы және мемлекеттік органдардың қызметін үздіксіз жетілдіру мақсатында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық жүйесін бақылау мен мониторинг жүргізуге бағытталған шаралардың бірі» екенін айтты.

Сондай-ақ, баспасөз жиынында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жобасында, еліміздің қазіргі кезеңдегі жемқорлыққа қарсы саясатындағы жүйелі тәсілдері, халықаралық және ұлттық деңгейде жемқорлықтың таралу жағдайы мен үрдістері, жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың қорытындылары, сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы практикалық шаралар мен тағы да басқа өзекті мәселелер қамтылғаны айтылды.

Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен Баяндамаға енгізетін ұсыныстарын сұрап, жиынды қорытты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444