Шаруалар төл мерекелерін атап өтті

 Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында ерекше атап көрсетті. Соған сай бүгінде ауылшаруа­шылықты интеграцияланған жерді басқару (жер хабы), климаттық тәуекелдерді басқару (климаттық хаб) және білім орталықтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жексенбі аймақта ауылшаруашылығы мамандары төл мерекелерін сән-салтанатымен атап өтті. Аймақта  ауылшаруашылығы саласы өңірдің эко номикасы мен өркендеуіне жоғары деңгейде қомақты үлес қосып келеді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков Жамбыл облысының ауылшаруашылығы саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, осы салада тер төгіп, еселі еңбек етіп  жүрген бірқатар азаматтарды  марапаттады.

Елбасы жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру негізгі міндетін қойған болатын. Осы орайда, облысымыздың агросаласындағы даму қарқыны Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Жамбылдық мыңдаған шаруалар ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді.  Бүгін сол еткен еңбек пен төккен тердің бағаланған күні. Жүздерінен қуаныш ескен  еңбек ардагерлері,  шаурақожалық жетекшілері, ауыл еңбеккерлері, шағын кәсіпорын басшылары бас қосты.

Жалпы, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласына — 17,6 млрд. қаржы бөлінген. Ал, субсидияларға – 11 млн  880 мың  теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың он айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 230 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104 пайызға жеткен. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 136 млрд.  мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 92,3 млрд. теңгеге айналған.  Жиында   өңіріміздің он ауданы бойынша ең үздік шаруақожалығы таңдалынып алынды. Сонымен үздік үштік  қатарынан Т.Рысқұлов, Меркі, Жамбыл аудандары шаруақожалықтары көрінді.  Мұнан өзге салаға серпін беріп, өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің алғыс хаттары және төсбелгімен марапатталды. Ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне арналған жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444