Ә.Желдібаевтың «Күмбірле күйім, ерінбе!» атты шығармашылық кеші өтті

Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Күмбірле күйім, ерінбе!» атты шығармашылық кеші өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, күйшілік өнердегі өзіндік қолтаңбасын таныту, рухани қазынамызға айналған шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Әбдімомын Желдібаев Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітіріп, өзі туып-өскен өңірдің мәдени-рухани өміріне араласып, дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бүгінгі өмірмен сабақтасуына табандылықпен еңбек сіңірген республикаға танымал қайраткер. күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер Жамбыл облысында туған. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген ол 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақты «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты жетпістен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Құрмет» орденімен марапатталған. «Ерке сылқым» туралы халық жазушысы Шерхан Мұр­таза «Әбдімомынның «Ерке сылқымы» – қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын қанатты туынды» деп жоғары баға берген. Шынымен де «Ерке сылқым» – елдің қазынасына айналған ерекше музыка, ерен құбылыс.

Бүгінгі күні осы дәрежеге жетіп отырған күйші елдің мейіріміне бөлене жүріп, туып-өскен Шу жерінен алыстамай өнер әлемінде өзін танытып, туған жерін даңққа бөлеп келеді. Кеште Мұхтарбай Рахманқұлов пен Адай Жұматтың дирижерлік етуімен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, автордың «Тұран елі» күйімен шымылдық ашылды.

Сондай-ақ, күйші-композитордың «Әулиеата», «Бозжігіт», «Төле би толғауы», «Көкшолақ», «Толғау», «Жетісу сазы», «Өмір-дастан», «Әділхан», «Ыдырыс», «Самғау», «Нұрсұлтан» поэмасы, «Шабыт», «Жарылқап батыр» сынды көптеген күйлері көрерменге ұсынылды.

Кеш соңында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың Ықылас гүлі табысталды. Әуезді де, толғанысты концерттен Әулиеата жұртшылығы үлкен әсер алып, шексіз алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444