Жаңа жылыжай кешені салынуда
2015- жылдан Қордай жерінде жұмыс істеп келе жатқан «Гринвилл» серіктестігі бүгінде көкеніс дақылдарының 60- тан астам түрін өсіреді. Бұл аудандағы жылдың төрт мезгілінде жылыжайлар арқылы өнім алып отырған ең ірі кешен болып табылады.
«Гринвилл» серіктестігі Қордай ауылының аумағынан биыл тағы да ірі жылыжай кешенінің құрылысын бастады. Бұрын тек, қызынақ пен қияр секілді көкеністің түрлерін өсіріп келген шаруашылық, биылдан бастап жыжыжайды аквапоника әдісіне көшіріп отыр. Яғни, ол жоғарғы технология көмегімен мұнда бірден балық пен өсімдік өсіруге мүмкіндік туғызады.
Сайд ХАРКИ «ГРИНВИЛЛ» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ (Аквапоника әдісімен мұнда балық өсіреміз және салатқа қолданатын түрлі өсімдіктер де отырғызылады. Жылыжай кешені толығымен автоматтандырылған. Мұнда болашақта бір ауа температурасы сақталып, жыл бойына өнім алуға мүмкіндік туады)
Жаңа жылыжай кешенінде салатқа қосатын өсімдіктің 68- түрін өсірмекші. Ол өте тиімді жолмен жүзеге асады. Яғни, мына шағын бассейндерге балық жіберілсе, сол судың артық бөлігі өсімдікті суғаруға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде кеңінен қолданылатын бұл әдіс Қордай жерінде алғаш сәтті жүзеге асатынана сенім мол.
Ерлан МӘЖИТОВ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Жылыжай кешенінің құрылысы биылғы жылдың аяғына дейін толық аяқталып, серіктестік келер жылдың басында алғашқы өнімді береміз деп отыр.
Дереккөз: taraztv.kz