Еліміздің оңтүстік қақпасындағы мекен

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінде 7 елді мекен орналасқан. Олар Жібек жолы, Жаңатұрмыс, Жаңақұрлыс, Дихан баба, Сарқырама, Қарабау және Зортөбе елді мекендері. Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 19732 га болса, оның 11771 га жайылым, 3510 га суармалы, 4207 га тәлімі егістік, 965 га бау-бақша және 717 га елді мекеннің жерлері. Бүгінгі таңда 767 агроқұрылым тіркеліп, жұмыс жасауда. Жібек жолы ауылдық округі Өзбекстан Республикасымен ұзындығы 21,0 шақырым шекаралық аумақта шектеседі. Мемлекеттік шекара бойында «Жібек жолы» бақылап өткізу пункті, «Красный водопад», «Қазығұрт» заставалары орналасып, мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Ауылдық округі аумағында 7 жалпы орта мектеп, 1 ауылдық аурухана, 1 емхана, 5 ФАП, 13 жеке меншік балабақша, 1 мәдениет үйі, 4 ауылдық кітапхана жұмыс жасауда. Ауылдық округте 77 кәсіпкерлік нысандар тұрғындарға қызмет көрсетуде.  Ағымдағы жылы 1 млрд 150 млн теңге көлемінде жеке кәсіпкерлер есебінен инвестиция тартылып «Алтай ата» спорт кешені (50 млн теңге) және 446 орындық «Бесжұлдыз» балабақшасы (1,1 млрд теңге) ашылды. Нәтижесінде 68 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.  Ағымдағы жылы Жібек жолы ауылы 1,8 шақырым Т.Бердімұратов көшесіне және С.Қарақұлова көшесінің 0,3 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444