Қазығұрт ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандардың ел игілігіне берілуіне куә болды.

 

Ең алдымен, өңір басшысы ауданның Қазығұрт ауылындағы «Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін пәтер қожайындарына табыстап, қуаныштарына ортақтасты. 20 аз қамтамасыз етілген отбасы мен жетім балаларға табысталған үйлерге болашақта, жалпы саны 64 отбасы көшіп барып, қоныс тойын тойлайтын болады.

 

«Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, тұрғын үйлер бүгінгі талапқа сай салынған. Су, табиғи газ жүйелері мен жарық тартылған. Іші жарық. Ғимараты еңселі. Келешекте мұндай жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Құрметті Қоныс иелері! Қуаныштарыңыз ұзағынан болып, қоныс тойларыңыз құтты болсын! Отбасыларыңыз қуанышты, бақытты сәттерге тола берсін!», — деді аймақ басшысы. 

 

Ауданның 90 жылдық торқалы тойында салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін де бұл күн құтты болды. Дәл осы шағын ауданда 210 орынға арналған «Жеңіс» денешынықтыру — сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. 

Салтанатты шараға куә болған Ж.Түймебаев таяуда ғана әлемдік ареналарда ауданның шыққан шарапханалық Ержан Жомарт, Абдулла Еркебұлан сынды сайыпқырандардың топты жарып шыққанын мысал етіп, Қазығұрттан олардың жолын қуып, күллі қазақтың намысын қорғайтын өрендер шығуына тілектестігін білдірді. Бұл тілегін Жансейіт Қансейітұлы осында келген жас спортшы балалармен кездесуде де айтты. Болашақ жеңімпаздардың келешекте Қазығұрттың намысын ғана емес, облысымыздың, республикамыздың атын шығаруда аянбай еңбек етіп, өнер көрсетуі қажеттігін жеткізді. 

 

Мұнан соң, жиналған көпшілік осы ауылдан жаңадан жұмысын бастаған «Өнер» мектебінің салтанатты ашылуын тамашалады. 100 орынға лайықталған өнер ордасында енді Қазығұрттың өнерпаздары облыстық, республикалық өнер байқауларына дайындалатын болады. 

 

90 жылдық мереке аясында өңір басшысы бастаған топ ауданда ашылған этноауылда болып, ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған көрмені тамашалады. 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444