Демеушілер көмегімен салынған
Түркістан облысындағы Созақ ауданында биылғы жылы демеушілер есебінен ауылдық округтерде 10 футбол алаңын және 2 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Шолаққорған ауылынан Сұлтанбек Қожанов мұражайының құрылысы басталады. Балдысу елді мекеніндегі Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің, Құмкент ауылдық округінен спорт ғимаратының, қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, Шолаққорған, Сызған, Қызылкөл ауылының орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасында айтылған бірінші «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасы бойынша, Шолаққорған ауылынан 10 пәтерлі 2 тұрғын үй, Созақ ауылынан 10 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысының жұмыстары басталады.
Сондай-ақ, Шолаққорған – Жеткеншек бағытында 2 қабатты 14 үйдің құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қортындысын алу жұмыстары жүргізілуде.