Құрылыс қарқынды
Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында жыл сайын жаңа мектептер салынып, пайдалануға берілуде. Өткен жылы 30 жаңа мемлекеттік жекеменшік- балабақша ашылып,-3-6 жас аралығындағы 8770 баладан 7676 бала тартылып, аудан бойынша бала бақшамен қамту жоспары 87,5% құрады. 2018 жыл соңына жоспарланған 90%-ға жету бағытында жұмыстар атқарылуда. 2625,5 млн. теңгеге 5 мектеп салынып, 2017 жылы пайдалануға берілді. Оның ішінде: Ұлттық қордан 2436,0 млн. теңгеге 4 мектеп. Аудандық бюджеттен 189,5 млн. теңгеге 1 мектеп. 11 білім беру мекемелерін газбен қамтамасыз ету құрылысына 66,1 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді. 3 мектеп, 3 балабақшаны газбен қамтамасыз етуге 9,7 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленуде. Халық саны 5000 дейінгі 11 елді мекенге 10,5 млн. теңгеге бас жоспарлары әзірленді. 2018 жылы 4 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 190,7млн. теңге қаржы,(Комсомол,Қаз ХХХ ж, Жаңатірлік, «Таң» бастауыш), білім мекемелерінің ағымдағы жөндеуден өтуіне 30 млн. теңге қаралып отыр. Ұлттық қордан 725,1 млн. теңгеге 1 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен 669,6 млн. теңгеге 1 мектеп, 1 саз мектебі салынуда үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2018 жылы Республикалық бюджеттен 1651,6 млн. теңгеге 2 мектептің, Облыстық бюджеттен 1241,4 млн. теңгеге 2 мектептің құрылысы басталды, 2019 жылы пайдалануға беріледі. Аудандық бюджеттен 918,1 млн. теңгеге 2 мектеп, мектебінің құрылысы жүргізілуде, 2019 жылы пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуы, жұмыстарды жоспарлау аудан әкімшілігі тарапынан қатаң бақылауға алынған.