Индустрияландыру картасы аясында 130 жобасы іске қосылды

Индустриялық саясатты жүзеге асыру жұмыстарын жүргізудің және өңдеу секторын қолдаудың арқасында тұрақты өсім сақталуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен саласындағы көрсеткіш төмен болғанымен, өнеркәсіптің өңдеу секторы 0,7%-ға өсті. Өсім мынадай басым секторлардағы өндірістің артуымен байланысты: түсті (8,5%-ға) және қара (3,3%-ға) металлургия, ауыл шаруашылық техникасы (5,6%-ға), азық-түлік (3,9%-ға),  агрохимия (3,1%-ға), мұнай өңдеу (0,4%-ға). Нәтижесінде, ел экономикасындағы қайта өңдеу секторының үлесі ұлғайды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2016 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,7%-ға, өнеркәсіпте 41,5 %-ға өсті.

2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 878 млрд. теңгенің 130 жобасы іске қосылды, 10 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды. Іске қосылған Карта жобаларында 2016 жылы сомасы 2,2 трлн. теңгеден асатын өнім өндірілді.

2016 жылы өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 12,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорттық өнімнің құндық көлемі ИИДМБ-ның 8 басым секторында өсті. Тау-кен машина жасау саласында 2,2 есе, автомобиль жасауда 2,1 есе, құрылыс материалдарында 1,4 есе өсім байқалады.

«Еңбек өнімділігінің нақты өсімі» индикаторы бойынша көрсеткіш 131,7% болды. Машина жасау секторында да едәуір өсім байқалады: мұнай-газ 3,1 есе (9,7 мың АҚШ долл./адам), ауыл шаруашылығы 2,3есе (31,1 мың АҚШ долл.), тау-кен 2,2 есе (10,2 мың АҚШ долл.), автомобиль жасау 1,8 есе (46,0 мың АҚШ долл.), электротехникалық салада 1,7 есе (20,1 мың АҚШ долл.). Сондай-ақ, осы индикатор азық-түлік өндірісінде 1,8 есе, (27,4 мың АҚШ долл.) агрохимияда 1,6 есе (48,3 мың АҚШ долл.) өсті.

2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 834,1 млрд. теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда (825,3 млрд. теңге) өңдеу секторына бағытталған қаржы нақты мәнде 8,8 млрд. теңгеге (1,1%) өсті. 2016 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіне 2,6 млрд. АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жалпы, өңдеу өнеркәсібіне тартылған шетелдік инвестицияның үлесі 1,2 есе өсті (2015 жылдың 9 айында 18,2 %-дан 2016 жылдың 9 айында 21,2 %-ға).

Ірі салаларға негіз болатын жобаларды жүзеге асыру арқылы индустриалды өркендеудің жаңа нысандарын ашу аясында өңдеу өнеркәсібінің 4 секторында (металлургия,мұнай өңдеу, машина жасау, құрылыс индустриясы) жалпы сомасы 154,9 млрд.теңгеге 6 жаңа ірі өндіріс құрылды. Сондай-ақ, ірі жобаларды іске асыру үшін Global-2000/ТНК-ға енгізілген компаниялар тізімінен 7 инвестор тартылды. Биыл Бағдарламада 2 жаңа ірі өндіріс ошағын құру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444