Экономикалық көрсеткіштер бойынша Жамбыл облысы алдыңғы төрттіктің қатарында

Жамбыл облысы әкімдігінде 2018 жылдың сегіз айының қорытындысына арналған арнайы алқалы жиын өткізілді. Облыс басшысы Асқар Мырзаxметов қатысқан басқосуда ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстардың көрсеткіштері назарға алынды. Алдымен Асқар Исабекұлы сөз алды. Ол өз сөзінде негізгі салалық көрсеткіштердің барлығы өткен жылмен салыстырғанда жоғарылағанын, дегенмен, кейбір көрсеткіштеріміз республикалық көрсеткіштен төмен екенін тілге тиек етті. Алқалы жиында облыс әкімдігінің барлық басқармалары өз салалары бойынша есеп беріп, белгіленген көрсеткіштерді атап өтті.  Сонымен қатар, Асқар Исабекұлы онлайн режимде аудан әкімдеріне индикаторлық көрсеткіштерге қатысты сауалдар жолдап, жауаптар алды.

Жыл басынан бері орын алған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталған. Нақтырақ айтқанда, есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,3 пайызды құрап отыр. Экономиканың басты бағыттары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша облыстық көрсеткіш республикалардағы алдыңғы төрттіктің қатарынан көрінген. Бұл туралы жиын барысында облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады.

Өңірдің экономикалық дамуы ойдағыдай. Алайда, кейбір салаларда мәселен өңдеу өнеркәсібінің тамақ өнімдерін, тоқыма, киім, резеңке және пластмасса мен металл бұйымдарын және өзге металл емес минералдық өндіру салалары – бұлар облыс экономикасының қозғалтқыш күші. Дегенмен, мұнда теріс динамика орын алған. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында Т.Рысқұлов ауданынан басқа барлық өңірлер өсім байқатқан. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 5,2 пайызға артқанымен, Мойынқұм ауданында бұл көрсеткіш қысқарғаны анықталған. Мал шаруашылығының жалпы өнімін Қордай, құрылыс саласында Сарысу мен Қордай, инвестиция бойынша Қордай, Талас, Мойынқұм, Шу аудандары өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішті төмендетіп алған. Экономика салаларындағы оң үрдіс бюджетке кірістердің ұлғаюына ықпал еткен. Атап айтсақ, мемлекеттік бюджетке түсімдер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға өсті десек, оның ішінде жергілікті бюджетке түсім 16,3 пайызды құраған. Бұл бағытта барлық аудандарда өсімге қол жеткізілген. Жиын барысында әкім орынбасарлары мен тиісті сала басшылары индикаторлық көрсеткіштердің оң болуына жұмыс істейтіндіктеріне уәде берді.
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444