Ауыл көркейсе, Қазақстан гүлденеді
Ауылды дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл туралы Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында да жыл сайын айтылып келеді. Тапсырмаға сәйкес, Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында ауылдардың жағдайын көтеріп, көркейтіп, көгалдандыру ісі қолға алынған. Газ құбырларын тартып, халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.
Өткен жылы Бәйдібек ауданында табиғи газ жүйесін жүргізу ісінде ілгерілеушілік байқалды. Биыл аудан орталығы Шаянда ішкі 14 көшеге кәріз жүйесі жүргізілді. Қазір бұл бағыттағы іс толығымен аяқталып, енді шаяндықтарды түгел көгілдір отынмен қамтылмақ.
Құрылыстың 2018-2019 жылға қаралған жалпы сметалық құны 1 011,486 млн. теңге. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда 1812 отбасы сапалы кәріз жүйесімен қамтылатын болады.
Ерболған Ізбасаров – «Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы «Ауыл көркейсе, Қазақстан гүлденеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы артады. Бұл ретте, атқарылып жатқан іс ауқымды».
М.ӘСЕМБЕК