Өңдеу өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының қозғаушы күші
Өңдеу өнеркәсібі еліміздегі жетекші салаларының бірі. Соңғы сараптама бойынша Қазақстанның өңдеу өнеркәсібігнің еңбек өнімділігі қазір 131,7%-ға өсті. Бұл туралы Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. «2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың қорытындысы бойынша индикатор девальвация салдарынан ақшаға шаққанда 44,4 мың АҚШ доллардан 38,9 мыңға дейін төмендеді. Бұл жалпыәлемдік тренд екенін атап өту керек. 2016 жылдың қорытынды нәтижелерін 2015 жылмен салыстырғанда 9,8-ден 13,3 млн. теңгеге /адам. ( 1,3 есе) артты», — деді министр.
Оның айтуынша, Бағдарламада экспортқа бағдарлану және еңбек өнімділігін арттыру дамудың негізгі бағыттары болып белгіленді.
Сондай-ақ, 2019 жылғы деңгейге 4 нысаналы индикатор белгіленді:
1) еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 22%-ға арттыру;
2) өңделген өнім экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарағанда 19%-ға арттыру;
3) 2015-2019 жылдары өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 4,5 трлн. теңге сомасында инвестиция тарту;
4) Өңдеу өнеркәсібінің энергия сыйымдылығын 2014 жылға қарағанда кемінде 7%-ға төмендету.