Құрал жабдығы Орталық Азияда да жоқ

Макарон және кондитер өнімдерін өндіретін «Барыс-2007» ЖШС-і Түркістан облысындағы іргелі кәсіпорындарың бірі. Бүгінде  Орталық Азиядағы  нарықты  жаулап алған. Оның ішінде Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ауғанстан бар. Сондай-ақ, Ресейдің үш облысында сатылады. Кәсіпорын заманауи ІТ технологиялы жаңартылған құралдармен жабдықталған. Ондай жабдық елімізде де, Орта Азияда да жоқ. 2009 жылы №1 «Pavan Group» итальяндық компаниясының “PAVAN-TAS” атты желісі іске  қосылды. Соның арқасында сағатына 3 200 келі қысқа макарон өнімдерін шығарады. Жалпы макарон өндірісінің жылдық қуаттылығы 30-35 мың тонна. «Мадина» макарондары арнайы рецептер бойынша дайындалады. Нан жабуға арналған ГОСТ 26574-85 жоғары сортты қатты ұннан пісіріледі. Тіпті сапасы сай келетін таза су қолданылады. Тағамдық қоспалар, байытатын және жасанды қоспалар мүлде пайдаланылмайды. Макарон өнімдері әлем бойынша кең таралған тағам түріне жататыны белгілі. Ол итальяндық, шығыс азиялық асхана мәзірінде көп қолданылады. Әрі арзан тағам түрлерінің бірі. Жаңа технология бойынша жасалғандықтан ол өте дәмді болып піседі. Тым қымбат бағаға сатылмауы үшін 2011 жылы  «БАРЫС-2007» ЖШС-і өзінің  «Меир Trade» атты сауда үйін ашты. Кәсіби команда қаладағы сауда нүктелеріне, ірі көтерме саудагерлермен тікелей жұмыс істейді…

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444