Кәсіпкерлердің қатары артса, экономиканы көтеруге сеп…
Небәрі үш айда өзің сүйген кәсіптің иесі атануға бола ма? Болса, қалай? Оның жолы жеңіл. Тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталықтарына барып, кеңес алсаңыз жеткілікті. Жоба – «қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» деп аталады. Әзірге бірінші кезеңі аяқталды. Осы уақыт аралығында Жетісай ауданы бойынша 120 азамат арнайы курстан өтіп, емтихан тапсырды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Енді олардың жұмысқа тұру мүмкіндігі де артып отыр. Айгүл Жансейітованың тігін тігуге деген құштарлығы бала кезден бар-тын. Сол арманын жүзеге асырудың сәті туды. «Жібек» тігін цехында 3 айлық курсты тәжірибемен ұштастыра отырып, тегін оқыған ол сынақтан да сүрінбей өтті. Айгүл Жансейітова — бағдарлама қатысушысы «Айгүлдің қатарында жүзден астам азамат бар. 5 жыл бұрын жұмысын бастаған «Лара» оқу орталығында 5 түрлі мамандық бойынша білім алған олардың мақсаты бір. Өз кәсібін ашу». Жалпы, Жетісай ауданы бойынша 700-ге жуық азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтап, емтихан тапсырды. Арасында жоғары оқу орнын бітіргендері де бар. Бұл дегеніңіз кәсіпкерлердің қатары артады. Ол эконокмиканың өрлеуіне сеп. Ақмарал Әсілбекова — «Lara» оқу орталығының басшысы «Сан түрлі кәсіпті игерген мамандарға қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Басым бөлігі өздері курстан өткен мекемеде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алып отыр».
Э. Тұрлыбек