Жол сапасының көрсеткіші бойынша алдыңғы орында

Экономиканың жоғары көрсеткіші жол сапасынан да байқалса керек. Бүгінде облыста барлық дерлік жол күрделі жқндеуден өткізілуде. Түркістан облысына қарасты Төле би ауданы  бойынша  2018  жылы  жалпы 53,5  шақырымды  құрайтын 28  жолды  орташа  жөндеуге  аудандық бюджет есебінен 609,2   млн теңге  қаржы  қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Аудандық  маңызы  бар  жалпы 5,2  шақырымды құрайтын                 2 (Екпінді — Ақмешіт  және Алатау – Шұбарағаш) жолды  орташа  жөндеуге  облыстық бюджет есебінен 75,2 млн  теңге  қаржы  қаралып, жұмыстар жүргізілуде.Облыстық  маңызы  бар   жалпы 64,9  шақырымды  құрайтын                  4  жолды  орташа  жөндеуге  жалпы  облыстық  бюджет  есебінен           1 млрд. 177,8  млн. теңге  және  3 шақырымды  құрайтын  1  жолды  күрделі жөндеуге облыстық бюджет есебінен  323,8  млн теңге  қаржы  қаралып, құрылыс  жұмыстары жүргізілуде. Ленгер қаласы автобекет маңында заңсыз  сауда  нүктелері  жабылып, 0,1  шақырым жолына орта  жөндеу  жұмыстары  және  түнгі  шамдармен паннолар орнатылды. Мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан  әкімдігі, мемлекеттік-жекеменшік  әріптестікті  дамыту бойынша   2 жоба  іске  асырылуда, атап айтқанда:Ленгер қаласы  1  мөлтек ауданынан  құны 390 345,0 мың теңгелік спорт кешенінің құрылысы  жүргізілуде. Нысан жыл  соңына  дейін  аяқталуы жоспарлануда.Ленгер қаласы Таскешу  елді мекенінен құны  305822,0 мың теңгелік 100  орындық бастауыш  мектебінің құрылысы  аяқталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444