Қарқынды жүзім бау шаруашылығы дамытылуда

Түркістан облысындағы Төле би ауданында ауыл шаруашылығы саласында даму қарқыны жоғары. Алма бауымен атағы алысқа кеткен ауданда бүгінде жүзім шаруашылығын да дамыту қолға алынған. Биыл қарқынды жүзім егу межесі 10 гектар деп жоспарланса, оның орындалғаны 5,1 гектарға жетті. Яғни, меже 51 пайызға орындалды. Алдағы жылдары тағы да жүзім баулардың аумағын арттыру жоспарда бар. Өйткені таулы ауданда жүзім жақсы өсіп жетіледі, оны өсіріп баптауға барлық жағдай бар. Одан бөлек жаңғақ шаруашылығы да алға басуда. Жаңғақ егу межесі биылдыққа 200 гектар болатын, оның орындалғаны 46 гектар, яғни меже 23 пайызға орындалған. Таңқурай егу меже 75 га, орындалғаны 36,5 га, яғни меже 49 пайызға орындалған. Тамшылатын суғару  әдісімен  Кемеқалған  ауылдық  округінде   Ахмедияр Қосымбайдың «Қазығұрт бақтары» деп аталатын   алма  бау  егу үшін 184 га жер  учаскесін  заңдастыру  жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда  жерді  тегістеп, күз мезгілінде алма  ағаштарын  егу үшін  дайындық  жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде  10 – 15  адам  тұрақты  жұмыспен қамтылып, маусымдық  жұмыс  уақытында                   50  адам  жұмыспен  қамтылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444