Жолдардың құрылысына қомақты қаражат

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның сөзінше, 2016 жылы 14 917,2 млн. теңгеге 209 нысан немесе 536,3 шақырым жолдар мен көшелер қалпына келтірілген. 2017 жылы 16 296,2 млн. теңгеге 468 нысан немесе 1 305,4 шақырым жөнделген. «Биыл 2017 жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 61,6 пайызға өсіп, нәтижесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдың ұзындығы 8,9 пайызға артты. Яғни, қайта құру мен құрылыс жұмыстарында нысан саны екі есе артып, шақырым көрсеткіші 100 пайызға, шақырым ұзындығы 351 пайызға және бөлінген қаржы көлемі 73,3 пайызға өсім көрсетті. Күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылған шақырым ұзындығы 391,3 пайызға, бөлінген қаржы көлемі 282,3 пайызға өсім көрсетті», – деді басқарма басшысы. Жалпы алғанда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2017 жылдың қорытындысымен 64,4 пайызға қол жеткізілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, жақсы және қанағатты жағдайдағы автомобиль жолдарының 2018 жылғы үлесі 64,7-ден 70,7-ге дейін көтерілді. Жоспарланған көрсеткіш толығымен орындалатын болады. Айта кетейік, облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. 2016 жылдың қорытындысымен 410 көпірдің 291-і қанағатты жағдайда болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 309-ға жетті немесе 75,4 пайызды құрады. Ал, биыл 316 көпір қанағатты жағдайға өтеді деген жоспар бар.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444