Қоқыстан өнім өндіретін зауыт ашылады

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында еліміздегі тұңғыш полиэтилентерефталат қалдығынан талшық өндіретін зауыт іске қосылмақ. Құны 20 млн. теңге болатын жоба өңірдің тек әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, экологиялық тазаруына да едәуір ықпал етпек. Тың өндіріс басында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев болып қайтты. Қажетсіз дүниелер, қатты қалдықтар енді сұраусыз емес. Кәдеге жарайды. «Green Technology Industries» компаниясы олардан енді синтетикалық талшықтар өндірмек. 2016 жылы құрылысы басталған өнідіріс орны биылғы күзде іске қосылады. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев өндіріс орнының жұмысымен, жоспарларымен танысты. Жасанды талшық — өнеркәсіптің барлық саласында қолданылатын әмбебап материал, таптырмас дүние екенін атап өтті. Шет елдерде бәрін бір жәшікке салады. Бөлек-бөлек. Соған ақша төлейді. Біз де жайлап осыған жетуіміз керек. Облыс тазаланып қалады. Мұндай зауыт бізге қажет. Мұнда бөтелкеден синтетикалық зат шығарады. Ол барлық салада қолданылады. Бұл өте дұрыс бастама, әрі қарай жақсылап жұмыс істеу қажет. Зауыттың жылдық қуаттылығы 50 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Барлық цехы іске қосылғанда 200-250 адам жұмыспен қамтылмақ. Әзірге мұнда Қытай елінің тәжірибелі технологтары еңбек етуде. Асқар Сарпеков – «Green Technology Industries» ЖШС ТОФ директоры «Біз полигонға баратын бөтелкелерді жуып, өңдеп талшық шығарамыз. Оның сапасы жоғары болады. Әзірге 50 тонна шағарамыз. Болашақта 80-70 тонна  өндіру жоспарда бар». Зауыт «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан. Оны әлемге танымал шетелдік HONGKONG TIANRUN CO LTD және  Green Technology Industries компаниялары мен облыс әкімдігі бірлесіп салуда. Жоба келешегіне сенім мол. Өйткені, алпауыттар әлемнің 70 мемлекетінде өндіріс орындарын ашып үлгерген.

А.Бидан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444