Инновациялық технологияны пайдаланудың берері көп
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсiптiк қызметтiң ерекше түрi болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшiн педагогикалық аса зор тәжiрибенi жұмылдыру қажет. Шындығында да әрбiр педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзiн-өзi дамытады және өзiн-өзi қалыптастырады. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткiштердi қамтиды. Атап айтсақ, мотивациялық өлшемдерiне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесi жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзiнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруi, ұрпақ тәрбиесiнде ұстаздың жетекшi орнын сезiнуi, кәсiби жеке бiлiктiлiк деңгейiн көтеруге бағыттылығы, инновациялық iс-әрекетке ұмтылу әрекеттерi кiредi. Инновациялық процестiң негiзi — жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметi. Инновация бiлiм деңгейiнiң көтерiлуiне жағдай туғызады. Бүгінде Түркiстан жоғары медицина колледжiнде инновациялық әдісте сабақ өткізеді. Студенттер аталған бағытта тек теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де оқып үйренеді. Алдағы уақытта студенттер Түркістан облысындағы өндірістерде еселі еңбек етеді деген үміт бар.Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негiзгi, басты мiндеттерi мынадай:әрбiр бiлiм алушының бiлiм алу, даму, басқа да iс-әрекеттерiн мақсатты түрде ұйымдастыра бiлу; бiлiм мен бiлiгiне сай келетiн бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; өз бетiнше жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; аналитикалық ойлау қабiлетiн дамыту.
А. Сағинали