Brent мұнайының баррелі үш долларға төмендегені байқалды
Астана. 10 мамыр. Baq.kz. Кеше ICE биржасында мұнай бағасы барреліне 43, 60 долларға дейін түсті, бұл ретте сауда-саттық ашылуында ол 46 долларға көтерілген болатын.
Баға белгілеудің төмендеуіне канадалық және сауд экспортының жағдайы және доллардың нығаюы ықпал етті, деп хабарлады РБК.
Лондондық ICE электрондық биржасында мұнай баррелінің құны мәскеу уақыты бойынша 20:27-де 43,90 долларды құрады. Бұл жабылу кезіндегі бағадан 3,22 долларға төмен. Ол 43,60 долларға дейін түсті, бұл ретте сауда-саттық ашылуында максималды баға белгіленімі барреліне 46,48 долларға жетті.