Өңірімізде өнім көлемі артқан

Аграрлы Түркістан облысында  биыл ауыл шаруашылық өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 25 млрд. теңгеге артып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Бұған қосымша өңірде  айналасы 5 жылда еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортын кемінде 2,5 есеге арттыру жоспары бекітілген. Экономикалық даму концепциясы мен Елбасының биылғы Жолдауында көзделген нақты тапсырмалар  рет-ретімен орындалуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан берілген тапсырмаға сай, 2017-2021 жылдарға арналған болжамдық еңбек өнімділігінен әр аудан мен қала кесіндісі  жасалды. Ол… биылғы наурыз айының 6-7-сі күндері Астана қаласында министрлікте қорғалды. Облысымызда  2018 жылы 520 техника жаңадан алынып, барлық техниканың 6,2% жаңарды. Тапсырма барлық техниканың 2,6% жаңарту болатын. Ал, егіс құрылымына сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары 820 мың 500 гектар жерге орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда, 15 мың 500 гектарға  артты. Облыс бойынша дәнді дақылдардың барлық егіс көлемі 281 мың гектарды  құрап, жалпы  меже 36 мың гектарға артты. Осындай ілгері басқан жұмыстардың нәтижесінде биыл өнім көлемі де артып отыр. Серік Тұрбеков – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Ауылшаруашылық жалпы өнім  көлемі 146 млрд 400 млн теңгеге жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 млрд теңгеге артқан».

К. ДҮЙСЕНБІ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444