Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына баратын спортшылар анықталды

   Кеше Ақтау қаласында үстел теннисінен ересектер мен қыздар арасында облыс біріншілігі аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде командалық сында жүлдегерлер анықталды. Қортындысында сапында Снегур Виктор, Тулебеков Қуаныш және Бурбасов Еркін бар Ақтау қаласының командасы чемпион атанса, Жаңаөзен командасы күміс, Маңғыстау ауданы командасы қола медальді иеленді. Жекелей сындағы жарыста ерлер арасында, Снегур Виктор топ жарды, екінші орын Жақсылықов Бақтыбекте, қола медаль Бурбасов Еркінге бұйырды. Қыздар арасында, 1 орын Айтжанова Лаура (Жаңаөзен), 2 орын Зиганшина Гулсум, 3 орын Казарьян Кристина. Осы жарыста топ жарған теннисшілер Қарағандыда өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Сонымен қатар осы жылдың аяғында Испанияда өтетін ардагер спортшылар арасында үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатында ел намысын Маңғыстаулық Рамазанов Махатай, Барболов Талап және Тастеміров Яхья қорғайтын болады.

yfcn nty

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444