Аймақтық біріншілік!

     Сәуір айының 7-10 аралаығында Ақтау қаласының «Жас Қанат» спорт кешенінде бокстан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық біріншілігі өтеді. Жарысқа Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының жас былғары қолғап шеберлері қатысып, 20 салмақ дәрежесінде өз араларында мықтыларды анықтайтын болады. Атап өтейік, осы жарыста чемпион және финалист болған боксшы, мамыр айында Алматы қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алады.

       Аймақтық біріншілікте Маңғыстау облысының намысын келесі боксшылар қорғайды: 30 келі салмақ дәрежесі — Жақсыбаев Шалқар, Қалилаев Мейрбек, 32 келі салмақ дәрежесі — Ұлықпанов Айдос, Асанов Диас, 34 келі салмақ дәрежесі — Қомшабаев Жарас, Қаналиев Рақымжан, 36 келі салмақ дәрежесі — Рахмет Нұрсұлтан, Рахметов Аманбек, 38 келі салмақ дәрежесі — Нуратдин Райымбек, Алдабергенов Рамазан, 40 келі салмақ дәрежесі — Мухташов Жанабек, Тегисов Нұрсұлтан, 42 келі салмақ дәрежесі — Алпамысов Нұрбол, Көбеген Нұрқуат, 44 келі салмақ дәрежесі — Алланиязов Бекзат, Урмбасаров Ақжол, 46 келі салмақ дәрежесі — Байкенов Муталип, Назар Саят, 48 келі салмақ дәрежесі — Исанов Жандос, Жәкібай Асхат, 50 келі салмақ дәрежесі — Есетов Ғалымжан, Бейназаров Сұлтан, 52 келі салмақ дәрежесі — Оңғарбаев Ержан, Сайын Еркебұлан, 54 келі салмақ дәрежесі — Борисұлы Қозыбай, Тенгелбай Ержан, 56 келі салмақ дәрежесі — Мақатұлы Нұртас, Сарсенбаев Арман, 58 келі салмақ дәрежесі — Абатов Данияр, Айтмұханбет Данияр, 60 келі салмақ дәрежесі — Мамыртаев Наурыз, 63 келі салмақ дәрежесі — Бекболұлы Жасұлан, Келеманов Арман, 66 келі салмақ дәрежесі — Ысықбаев Нұрхат, Мектепбай Мұратжан, 70 келі салмақ дәрежесі — Набатов Азамат, +70 келі салмақ дәрежесі — Құлжан Абзал, Тлеужанов Бекнұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444