Микро, шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау
«Даму» Қоры ісін жаңа бастаған және бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда:
✔️ екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жеңілдікпен қаржыландырады
✔️ несиенің пайызын азайтып, субсидиялайды
✔️ кепілмүлік жетпеген жағдайда банк алдында кепілдік береді
✔️ арнайы платформада қашықтан оқыту арқылы кәсіпкерлердің білімін ұштайды
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, бұл аталған қолдау түрлерін пайдалану шарттарын білу үшін «Даму» Қорының өз өңіріңіздегі филиалына келу керек. Қордың филиалдары барлық облыста, ірі қалаларда бар. Клиенттермен жұмыс істейтін арнайы менеджер кәсіпкерлерге Қор қызметі, бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, мемлекеттік қолдау түрлері жайлы түсіндіруге дайын.
Өз өңіріңіздегі филиалдың мекенжайын damu.kz сайтымыздың бас бетінен немесе инстаграмдағы актуал бөлімнен таба аласыз. Егер барар жеріңіз тым қашық болып көрінсе 1408 қысқа нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласып та мағлұмат алуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, damu.kz сайтымызда Қор жайлы, Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалар бар, шарттары толық жазылған. Оқып, өз бетінше танысуға да болады. Немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.