Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 34 бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) туралы шартта белгіленген мерзімде жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) міндетті.
Айта кететін жайт, шартта жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) бастапқы және түпкілікті мерзімдері, сондай-ақ жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдер) айқындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Егер орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдерін – жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және (немесе) аяқтау мерзімдерін және жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) аралық мерзімдерін бұзса, оны мерзімінде аяқтау анық мүмкін болмаса, онда тұтынушы шарттан бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер жұмысты орындау кезінде оның тиісті дәрежеде орындалмайтыны айқын болса, тұтынушы кемшіліктерді жою үшін орындаушыға жаңа мерзім тағайындауға және осы талапты белгіленген мерзімде орындаушы орындамаған кезде шарттан бас тартуға не жұмысты орындауды орындаушы есебінен үшінші тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Орындаушы жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) кірісуге және оны аяқтауға тиісті, тұтынушының тағайындаған жаңа мерзімдері шартта көрсетіледі. Тағайындалған жаңа мерзімдер күнтізбелік он күннен астам уақытқа өткізіп алған жағдайда тұтынушы осы баптың 4-тармағында белгіленген өзге де талаптарды қоюға құқылы.

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

бас маманы Д.Сейтаев

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444