Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Қоғамда мұндай індеттің орнығуы, қалыпты жағдайға айналуына азаматтардың болашаққа деген сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды және ел дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы індетпен күресу болып табылды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңіп келе жатқан бұл індеттің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Алдаберген