«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасын жасайды

Өңір тұрғындарын қандай мәселелер алаңдатады? Олардың өмір сүру сапасын қалай жақсартуға болады? «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасын әзірлеп, әр өңірдегі өзекті әлеуметтік проблемаларды анықтау үшін ауқымды сауалнама жүргізеді. Қоғамдық қор әлеуметтік платформаны құру кезінде қазақстандықтардың пікіріне сүйеніп, еліміздің барша азаматын әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады.

Әлеуметтік мониторинг бүгін басталып, 2024 ж. сәуір айының ортасына дейін жалғасады. ҚҚ қазақстандықтарға жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әділ қоғам құру, отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту, кедейлікпен күрес, медицина және басқа әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету сынды сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Жұмысшылардың мүдделерін қорғау, өмір сапасын арттыру, ұлттық байлықтарды әділ бөлуге қатысты қабылданып жатқан шаралар үшін ұсыныстар жинау ауқымды әлеуметтік мониторингтің мақсаты болып табылады.

Әлеуметтік мониторинг нәтижелері Астанада өтетін Әлеуметтік форумда талқыланып, Қазақстан Үкіметіне жолданады.

«Әр өңірдегі өзекті мәселелерді анықтау мақсатында біз қазақстандықтардың бастамалары мен ұсыныстарын жинаймыз. Біреуді ТКШ тарифтері алаңдатса, басқалары еңбек құқықтарының бұзылуына тап болады. Үшіншілері таза су мен жолдардың нашарлығына наразылық білдіреді. Бүгінде адамдар бей-жай қарап отыра алмай, белсенділік танытады. Олар ахуалды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын беруге даяр. Әр адамның дауысын есту керек. Біздің Қорды ашудағы басты мақсат- халықтың үнін еститін мемлекетті құру екенін еске салғым келеді», -деп, Қор директоры Қуаныш Жарлықас әлеуметтік мониторинг өткіздің себептерін түсіндірді.

Ең қызықты ұсыныстар мен бастамалардың авторлары Астанада өтетін Әлеуметтік форумға шақырылады.

Әлеуметтік мониторингтен Қоғамдық қордың ресми сайтында немесе мына сілтеме арқылы өтуге болады https://share.kz/g9Vt .

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қор өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы ахуал жөнінде әлеуметтік мониторингтер өткізді. Бұл сауалнамалардың нәтижелері де «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ іс-әрекеттердің әлеуметтік платформасына енгізіледі.

https://share.kz/g9Vt

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444