Университет ректоры Антикор волонтер жобасының Еріктісі
А.ж. 12 қыркүйек күні адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында Департамент басшысы М.Төлеубаевтың және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ — Түрік университетінің ректоры Ж.Темірбекованың қатысуымен «Арманыңа адал бол!» кездесуі өтті.
Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы айтулы шараның маңызына тоқталып, «Оқу ордамыздың жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттарының бірі — адал азамат қалыптастыру, жемқорлықсыз қоғам құру үшін университет құрамы мен білімгерлермен біріге атсалысу болатын. Біз қазіргі таңда елдегі ең үлкен мәселе – сыбайлас жемқорлық екенін мойындауымыз керек. Сіздер мен біздер осы мәселенің шешілуіне қолдаушы болуымыз шарт. Себебі әділетті қоғам құрылса мемлекет дамуы қарқындайды», — деді.
Кездесуде Мұрат Ахтанұлы Агенттік қызметіндегі негізгі жаңашылдықтар мен іске асырылып жатқан жобалар және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, жуырда ел аумағында енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының негізгі мақсаттарын атап өтіп, патриотты тұлға ретінде осы жобаға өз үлестерін қосуға шақырды.