ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ — ТӘУЕКЕЛДІҢ АЛДЫН АЛУ

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 8 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамды қалыптастыруды көздейтін 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіткен болатын.
Осыған орай, алдағы 5 жыл уақыт мерзімін қамтитын Тұжырымдаманы мақсатты топтар арасында түсіндіру жұмыстары Түркістан облысында жүйелі жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта, бүгін Қазығұрт ауданында болған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Отырар аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен арнайы кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы соңғы өзгерістер мен толықтырулармен хабардар етті.
«Бүгінде мемлекет саясатында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, туындау себебімен күресуге басымдық берілуде. Бұл ретте, жемқорлық тәуекелінің алдын алу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу айқындалған. Жұмыспен қамту орталығы — халыққа мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп, тікелей байланыс жүргізетін болғандықтан, қызмет бабында бармақ басты әрекеттерге жол бермеу аса маңызды. Жүктелген қызметті адал атқаруға шақырамын»,- деді Г.Төлегенқызы.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеу керектігіне тоқталып өтті.
371
Охват (люди)
9
Взаимодействия
Продвижение недоступно
1

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444