КӘСІПКЕРЛЕР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуованың қатысуымен аудан кәсіпкерлерімен келелі кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал бизнесті дамыту мен облыс аумағындағы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі болуға шақыру.
Жиында Н.Абуова Агенттікпен арнайы әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, адал бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды бизнес өкілдерінің назарына ұсынды.
Кездесуде бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар кең талқыланып, кәсіпкерлік саласында ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын енгізу мәселері ортаға салынды.
Жиын соңын қорытындылаған өңір басшысы Тұжырымдама шеңберіндегі ұсыныстардың тиімділігін тілге тиек етіп, облыстағы кәсіпкерлік саласын ілгерілетуге және жемқорлықпен күрес шараларын жүйелі жүргізуге жалпы қоғам болып жұмыла атсалысу қажеттігін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444