МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАУ ФАКТІСІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Облысқа қарасты білім беру мекемелерінде ақша жинау деректерін жою және болдырмау мақсатында қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуова » Некрасов атындағы 9 мектеп-гимназиясында» болып, түсіндіру шараларын жүргізді.
Нұржахан Ермағамбетқызы оқу жылының аяқталуы қарсаңында түрлі сылтауларды алға тартып, облыс аумағындағы мектептерде ата-аналардан ақша жинау фактісі жиілегенін және бұл құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылғанын жеткізді.
Егер Сіз де, білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 Call-орталығына хабарлауыңызды сұраймыз.
Хабарыңыз назардан тыс қалмайтынын есіңізге саламыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444