«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының маңыздылығы талқыланды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының маңыздылығы талқыланды.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов және фракция мүшелері, партияның қалалық филиалы жанынан құрылған өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен ақпараттық насихат тобының мүшелері қатысты.

— «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің отырысында «Мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасы өз үндеуінде барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымыздың негізгі шарттарына тоқталды. Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім имен еңбек, прагматизм сынды жеті қағидат жарқын болашағымыздың кепілі», — деді Ж.Бектаева.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов жеті тұғырда айтылған негізгі басымдықтар бойынша баяндама дайындап, Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Сатқанбаев тақырып аясында жарыс сөзге шықты. Қорытынды сөзде мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндіру жұмыстарында кеңес мүшелері мен мәдениет пен білім саласының өкілдеріне белсенділік танытуды тапсырды.

Жиын соңында 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қатарымыз көбейіп, Елбасы бастаған нақты істер партиясы «Nur Otan»-ға мүше болуға өтініш білдірген азаматтарға партиялық билеттер табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444