Қоғамда парасаттылықты қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты факторлардың бірі
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев соңғы 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берді.
Спикердің айтуынша, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық және ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылуда.
Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл маңызды рөл атқаратындығын мәлімдеді.
«Шымкент – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штабы тарапынан жүзеге асырылған жобалар оң нәтижелерін берді.
Өткен жылы қоғам белсенділерімен бірлесіп 1900-ға жуық профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, барлық әлеуметтік маңызы бар салалар қамтылды» — деді спикер.
Сонымен қатар, мегаполис тұрғындарына кеңестер берілетін «Antikor Live» және «Adal Komek» жобаларына тоқталып, аталған жобалар халықты қызықтыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді диалог алаңына айналғандығын жеткізді.
Алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кеңінен тоқталып, жыл басынан бері Департаментпен 10 мекеменің қызметінде талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталдығын хабарлады.
Сыртқы талдаулардың қорытындысы бойынша барлығы 100-ден аса ұсыныстар енгізіліп, олардың жартысынан көбі орындалды.
Сондай-ақ, ол квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері бойынша ақпарат берді.
«Комплаенс мамандарының міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады.
Аталған бағытта Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету және бірыңғайлықты қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі таңда Шымкентте квазимемлекеттік сектордың 186 ұйымында комплаенс қызметі жұмыс істейді» — деді Т.Серікбаев.