Шардара ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

♦️Шардара аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының, сондай-ақ, полиция органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған жиын өтті.
♦️Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, тұрмыстық жемқорлық деректеріне жол бермеу және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.
♦️Іс шараға арнайы қатысқан Департамент жанынан құрылған ақпараттық – ағартушылық Штабының төрағасы Е.Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.
♦️Бұған қоса, Президент жолдауы мен бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара берушілерге қатысты Заң нормалары қатаңдатылғанын айтып, қызмет атқару барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
♦️Іс-шараға қатысушылар жиын барысында өз ойларын ортаға салып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қолдайтындарын жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444