ТУҒАН ӨЛКЕМ

Шымкент — менің туылған өлкем.
Әр перзент өмірге келген, кіндік қаны тамған өлкесін мақтан тұтары анық. Туған жер бәрімізге ыстық. Себебі, онда сен тудың, өстің, достарың, туыстарың, бауырларың бар. Туған жердің әр ой-шұқыры, ағашы, құмы бәрі де сен үшін асыл дүние, көзіңе оттай басылады. Сондықтан да, оған әлемде ешбір жерді теңгергің келмесі белгілі.Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады.
Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.
Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда
отанға деген махаббат сезімі оянады.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер,
туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті.Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар,
әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.
Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген
барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының
мінезінен жаралған. Қазақстан – үлкен ел. Оның бай жері, байтақ өлкесі көз тартады. Жерасты қазынасы тұнып жатыр. Адамдарының білім деңгейі жоғары. Саналы, салауаттылары көп ел еш уақытта артта қалмақ емес. Қайта бәрінен ілгерілеп, алға озып шығуға тиіс. Қазақстан әлі-ақ жан-жақты дамыған өркениетті елге айналады. Бұл елдің ертеңі арайлы.

Туған жердің қасиетін сезіне білсек, ел қамын ойласақ, тілімізді, дінімізді қадірлесек, ойлаған мақсатымызға жетеміз.
«Балам» дейтін елі болмаса, «елім» дейтін бала қайдан шықсын?! Ертеңгі ұрпақ бақытты өмір сүрсін деген еліміз бен еріміз бар, құдайға шүкір! Осыған тәубе етемін!

Аширбаев Байкен,

Шымкент қалалық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444