«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БИЫЛ 39 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 287,1 мың шаршы метр құрайтын 79 көпқабатты (4832 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: арендалық – 14 үй (768 пәтер), кредиттік – 65 үй (4064 пәтер). Шымкент қаласында 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 287,1 мың шаршы метр құрайтын 79 көпқабатты (4832 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: арендалық – 14 үй (768 пәтер), кредиттік – 65 үй (4064 пәтер).
Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, жалпы бөлінген қаржы – 25,6 млрд теңге. Биыл 39 үй пайдалануға беріледі (2432 пәтер, 141 мың шаршы метр). Яғни, кредиттік 33 үй, арендалық 6 үй пайдалануға тапсырылады. 3 айдың қорытындысы бойынша 2,9 млрд теңге қаржы игерілді.
Тұрғын үй құрылыс жұмыстары  Тұран шағынауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында  жүргізілуде. Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы атқарылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444